«Мұндай сынақтар бізді шыңдайды»: Жәнібек Әлімханұлы жағдайы туралы айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол салмақ қуу барысында есінен танып қалды

Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

Кәсіби бокста WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы қазіргі жағдайы туралы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.

«Әр қиындықтың артында жеңілдік бар. Салмақ қуу барысындағы сынақты да бастан өткізіп жатырмыз, ағайын. Уайымдап жатқан жанашыр жанның бәріне көп рақмет. Аллаға шүкір, ауруханадан шықтық. Денсаулық бірінші орында. Біз жауынгерміз ғой. Мұндай сынақтар бізді сындыра алмайды, шыңдайды. Бұйыртса әлі талай әлемге қазақ стилін көрсетіміз. Қолдауларыңызға рақмет!» – деп жазды Ж. Әлімханұлы.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы ресми салмақ өлшеу рәсімінен өткен. Алайда, су құрамын қалыпқа келтіріп үлгермеген. Салдарынан есінен танып құлаған.