COVID-19: Британияның қарттар үйінде көз жұмып жатқандар көп

Автор: Azattyq Rýhy

13-17 сәуір аралығында 2 мыңға жуық адам қайтыс болды

Фото: bbc.com

Британияның қарттар үйлерінде коронавирустан өлім-жітім көрсеткіші жоғары болып тұр, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Ұлыбританияның Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, Англия мен Уэльсте COVID-19 коронавирус инфекциясынан өлім-жітімнің үштен бірін қарттар үйіндегі жандар құрап отыр. 13-17 сәуір аралығында 2 мыңға жуық адам қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Алайда, Ұлыбритания ауруханаларында COVID-19-дан күн сайынғы өлім-жіті саны 8 сәуірде тіркелген вирустың шарықтау шегінен кейін төмендеп келеді.