Қазақстанда 15 шілдеден бастап темекі тағы қымбаттайды
Бірінші шілдеден бастап темекі қымбаттаған
Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті темекінің барлық түрі қымбаттайтынын еске салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылғы 15 шілдеден бастап «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына өзгеріс енгізіледі», — деп жазады комитеттің ресми сайты.
Бұйрық бойынша, бөлшек саудада темекі өнімдері үшін мынандай ең төменгі бағалар қолданылады.
фильтрлі, фильтрсіз сигареттің 20 данасына (бір қорабына), папиросқа, сигариллаға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға:
- 2024 жылғы 15 шілдеден 31 желтоқсанға дейін — 820 теңге;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 870 теңге.
Айта кету керек, қазір темекінің ең төменгі бағасы 770 теңге деп белгіленген. 1 шілдеден бастап темекі 6,5 пайызға қымбаттады.