Boeing компаниясы екі ұшақ апатына қатысты кінәсін мойындады

Автор: Azattyq Rýhy

Енді компания 243,6 миллион доллар айыппұл төлейді

Фото: depositphotos.com

Boeing 2018-2019 жылдары болған 737 Max ұшақтарының адам өліміне әкеліп соққан апатына байланысты алаяқтық үшін өз кінәсін мойындауға келісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

NDTV телеарнасының хабарлауынша, корпорация 2024 жылдың 8 шілдесінде АҚШ-тың Федералды авиация әкімшілігіне 737 Max ұшақтарында бағдарламалық жасақтама туралы жалған ақпарат бергені үшін кінәсін мойындады. Бұл Boeing-ке ақша үнемдеуге мүмкіндік берді. Енді компания 243,6 миллион доллар айыппұл төлеп, үш жыл ішінде өз ұшақтарының қауіпсіздігін арттыру үшін кем дегенде 455 миллион доллар инвестициялауы керек.

«Судьяның мақұлдауын талап ететін кінәсін мойындау туралы келісім авиакомпанияны Индонезия мен Эфиопиядағы 2018 және 2019 жылдардағы бес айлық кезеңдегі 346 адамның өмірін қиған ұшақ апаттарына байланысты сотталған қылмыскер етеді», – деп жазады канал.

Кінәні мойындау компанияның АҚШ Қорғаныс Министрлігі және NASA сияқты ұйымдармен тиімді мемлекеттік келісімшарттар жасау қабілетіне нұқсан келтіруі мүмкін.

Boeing-ке қатысты қылмыстық айып тағуды АҚШ прокурорлары Әділет министрлігіне 2024 жылдың 25 маусымында ұсынды. Ведомствода корпорацияға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы шешім 2024 жылғы 7 шілдеге дейін қабылдануы тиіс еді.

Айта кетейік, 2018 жылы Boeing 737 MAX лайнері Индонезияда, ал 2019 жылы Эфиопияда апатқа ұшырады. Екі жағдайда да ұшқыштар ұшуды басқарудағы қиындықтар туралы хабарлады.