Оқиға 4 шілде күні болған
Ресей азаматы бірнеше күн бұрын Қостанай облысында жоғалып кетті. Бұл туралы еріктілер Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
53 жастағы Алексей Трушин 4 шілдеде келген, содан бері одан хабар-ошар жоқ. Соңғы рет оны Чернышевский көшесіндегі «Азия» дүкенінен көрген.
Ер адамның бойы – 160-165 см, шашы қысқа.
Жоғалған күні үстінде қасқыр суреті бар сұр түсті футболка, қара түсті трикотаж, қара шифер болған.