Ол шекарадан өтпек болған кезде қолға түсті
Ақтөбе облысының полициясы балалардың көзіне бұрыш спрейін шашқан кәмелетке толмаған күдіктіні шекарадан өтпек болған кезде ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқушы бұзақылық туралы іс бойынша іздеуде болды.
Айта кетерлігі, ресейлік БАҚ ІІМ-нің Саратов облысы бойынша бас басқармасына сілтеме жасай отырып, 14 жастағы жасөспірім 2021 жылдан бері анасымен бірге Саратов облысының аумағында тұратынын, Қазақстанның тумасы екенін хабарлайды.
«Кәмелетке толмаған бала жазғы мектеп демалысы кезеңінде Қазақстан аумағында әкесінің жанында болады», - делінген хабарламада.
Ресейлік полицейлер жасөспіріммен профилактикалық жұмыс жүргізілетінін мәлімдеді.