Алматы облысында алапат өрттен жер үйдің тек күлі қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Алматы облысының өрт сөндірушілері өртті сөндірді

Фото: ҚР ТЖМ

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданынында жер үй отқа оранды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, өткен түнде Еңбекшіқазақ ауданынында жеке тұрғын үйлердің бірінде 234 шаршы метр алаңда үйдің шатыры жанды.

«ТЖМ күштерімен өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 нөмеріне хабарласыңыз», - делінген хабарламада.