Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Фото: t.me/qr_tjm

ТЖМ қызметкерлері Түркістан облысындағы бір қабатты жеке балабақша ғимаратының шатырында шыққан өртті сөндіріп жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«ТЖМ күштерімен өрт 270 шаршы метр аумақта оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда», - делінген хабарламада.