Өрт қаупі жоғары: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жариялады

Автор: Azattyq Rýhy

Орман және дала алқаптарында жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады

Фото: depositphotos.com

ТЖМ қазақстандықтарға өрт қаупі жоғары кезеңде табиғаттағы жүріс-тұрыс қағидаларын еске салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері - халықтың отты абайламай қолдануы және найзағай разрядтары.

Орман және дала алқаптарында жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады.

«От жағу, қоқыс пен құрғақ шөпті жағу, шыны заттарды (бөтелкелерді), май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген материалдарды қалдыру аса қауіпті», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.