07.07.2024, 00:30
Жаңалықтар
Ертеңнен бастап Астанадан Миланға тікелей рейс ашылады
Рейстер ыңғайлы Boeing 787 Dreamliner арқылы жүзеге асырылады
Фото: depositphotos.com
Италияның NEOS авиакомпаниясы алғаш рет Астана әуежайынан Миланға қатынайтын рейстер ашты. Аталған бағыт бойынша бірінші рейс 2024 жылдың 8 шілдесінде орындалады. Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әуежайдың хабарлауынша, рейстер ыңғайлы Boeing 787 Dreamliner арқылы жүзеге асырылады.
«Екі астана арасында тікелей әуе қатынасының болуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмнің дамуына серпін береді. NEOS авиакомпаниясымен ынтымақтастық Қазақстанның азаматтық авиациясы мен көлік-логистика саласының дамуына оң әсер етеді», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды