Ұлттық тестілеу орталығы маңызды мәлімдеме жасады
Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ бойынша су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) талапкерлері үшін маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Орталық мәліметінше, егер талапкер негізгі ҰБТ-дан төмен балл жинаса, қаңтар немесе наурыз айларындағы ҰБТ-ның жоғары нәтижелерімен грант конкурсына қатыса алады.
«2024 жылы жалпы грант санының 20%-ы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне бөлінеді.
Естеріңізге сала кетсек, бұл аймақтың оқуға түсушілері үшін грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.