Талғат Сырбаз 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін жарыстарға қатыса алмайды
Қазақстандық спортшы Талғат Сырбаз жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Bugin.kz-ке сілтеме жасап.
Мұндай мәлімдемені допингке қарсы ұлттық орталықтың ресми сайты жариялаған.
Еркін күрес шебері Талғат Сырбаз допинг қолданғаны үшін 3 жылға жарыстан шеттетілді. Талғат Сырбаздың сынамасынан спортшыларға қолдануға тыйым салынған дростанолон препараты табылды.
Енді ол 2024 жылдың 30 сәуірінен 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін жарыстарға қатыса алмайды.