Жер учаскесіндегі жайылымда малдың жоқтығы анықталды
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті пайдаланылмайтын жерлер мен заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тексеру нәтижелері бойынша Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жаңақоныс ауылдық округінде орналасқан «Рахымжан» шаруа қожалығында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасы бойынша алаңы 22 300 га жер учаскесіндегі жайылымда малдың жоқтығы анықталды», -делінген хабарламада.
Шалқар ауданы әкімдігі мен Жер ресурстарын басқару комитетінің бірлескен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде жер учаскесі ауданның жер қорына қайтарылды.