Өнер университеттері студенттеріне президенттік шәкіртақы бөлінді

Автор: Azattyq Rýhy

Барлығы 15 шәкіртақы студенттерге, 1 магистрантқа берілді

Фото: istockphoto.com

Мәдениет және өнер университеттері арасында Президенттік шәкіртақы бөлінеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы бұйрығымен ҚР Президентінің шәкіртақылары 2024 жылға арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлінді.

Атап айтқанда, стипендиялар мына ЖОО арасында бөлінеді:

  • «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РМУ – студенттерге 4 шәкіртақы;
  • «Қазақ ұлттық өнер университеті» РМУ – 10 студент және 1 магистрант;
  • «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РМУ – 1 студент.

Барлығы 15 шәкіртақы студенттерге, 1 магистрантқа берілді.

Бұйрық 2024 жылғы 13 шілдеде күшіне енеді.

Студенттердің стипендиясы 1 қыркүйектен бастап көбейеді - Қаулыға қол қойылды