COVID-19 жұқтырғандар соңғы 18 күнде екі есе өскен
Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 3 миллионнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Пандемия кезінде инфекциядан 208 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бұл вирус жұқтырғандардың 6,92%-ын құрайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурыз күні коронавирусты пандемия деп жариялаған еді.
Айта кету керек, 10 сәуір күні әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1,5 миллионға жеткен еді. Осылайша соңғы 18 күнде көрсеткіш екі есе артқан. Ал Қазақстанда 2860 адам коронавирус жұқтырған. Олардың ішінде 725 адам жазылып шықты. 25 адам қайтыс болды.