Қазақстандықтар Астана күніне орай 3 күн қатар демалады

Автор: Azattyq Rýhy

Жалпы, 2024 жылдың шілде айында қазақстандықтар 9 күн демалады

Фото: istockphoto.com

Елорда күні – 6 шілде сенбіге сәйкес келіп тұрған соң, қазақстандықтар 6, 7 және 8 шілде үш күн қатар демалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалпы, 2024 жылдың шілде айында қазақстандықтар 9 күн демалады. 13,14 шілде, 20,21 шілде, 27,28 шілде сенбі-жексенбі күндері ел азаматтары әдеттегі демалыс күндеріне шығады.