Жаңа үлгідегі жеке куәлікті 80 мыңнан астам адам алып үлгерген

Azattyq Rýhy

Құжаттың жаңа үлгісінде азаматтың ұлты мен жынысы жазылады

Жаңа үлгідегі жеке куәлікті 80 мыңнан астам адам алып үлгерген
Фото: Azattyq Rýhy

2024 жылдың маусым айынан бастап 80 мыңнан астам қазақстандық жаңа үлгідегі жеке куәлік алды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

15 маусымнан бастап елімізде жаңартылған дизайны бар жеке куәлік беріле бастады.

«Жаңа үлгідегі 86 мыңға жуық құжат айналымға енгізілді. Құжатта жынысы мен азаматтығы көрсетіледі. Жеке куәліктің жаңа дизайны бюджеттен шығынды қажет етпейді және мемлекеттік баждың мөлшеріне әсер етпейді. Жарамдылық мерзімі аяқталмаған жеке куәліктер бұдан әрі жарамды бола береді», - деп атап өтті Алекешев.

Қазақстандықтар құжаттың жарамдылық мерзімінің аяқталуына қарай жаңа форматта жеке куәлік алатын болады. Осылайша, елде құжаттарды жаппай ауыстыру күтілмейді, деп қосты ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.