Жаңа үлгідегі жеке куәліктер шығарыла бастады

Azattyq Rýhy

Чиптегі мәліметтер енді куәлікке жазылады

Жаңа үлгідегі жеке куәліктер шығарыла бастады
Фото: Azattyq Rýhy

15 маусымнан бастап ҚР азаматының жаңа үлгідегі жеке куәлігі қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетіледі. Бұрын бұл мәліметтер жеке куәлікке салынған чипте болған.

Жеке куәліктің жаңа дизайны бюджеттен шығын талап етпейді және азаматтардың жаңа құжаттарды шығару үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшеріне әсер етпейді (2024 жылы мемлекеттік баж мөлшері 738,4 теңгені құрайды).

Жарамдылық мерзімі аяқталмаған жеке куәліктер бұдан әрі де жарамды болады. Қазақстандықтар жаңа дизайнды жеке куәліктерді тек алдыңғының мерзімі аяқталған кезде немесе оларды басқа да себептермен ауыстыру кезінде ала алады. Яғни, бір мезгілде жаппай құжат ауыстыру болмайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.