Қайта оралғысы келетіндер Қазақстанға әкелінеді
Қазіргі таңда шетелде Қазақстанның 175 мың азаматы бар. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде өткен баспасөз конференциясында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қазіргі таңда шетелде Қазақстанның 175 мың азаматы бар. Олардың көпшілігі Отанына оралғысы келеді. Президент айтқандай, мемлекет ешкімді қиындықта тастамайды. Сондықтан қайта оралғысы келетіндердің барлығын әкелеміз. Қазір Сыртқы істер министрлігі осы бағытта жұмыс істеп жатыр», - деді Дәурен Абаев.
Оның айтуынша, жақында АҚШ-тан 179, Польшадан 65, Израильден 28 азамат Қазақстанға оралады. Ал мамыр айында Ресейден 6 мыңнан астам қазақстандық елге әкелінеді.