Өңірлерде қатты жел соғып, жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМК 29 маусымда Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда оңтүстік-батыстантан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда өрт қаупі жоғары.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде найзағай болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-18 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, қатты жел соғады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. Көкшетауда түнде найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің таңертең және түстен кейінгі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, қатты жел тұрады деп болжанады. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл болады. Түнде өңірдің солтүстігінде, орталығында, күндіз басы бөлігінде батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Қызылордада күндіз шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Семейде күндіз қатты ыстық болады: +37 С. Өрт қаупі жоғары.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел соғады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда түнде найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Таңертең және түстен кейін Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары. Павлодарда күндіз найзағай болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күндіз екпіні 15-20 м/с болмақ. Өрт қаупі жоғары.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда өрт қаупі жоғары болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, қатты жел тұрады деп болжанады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батысқа солтүстік-батыстан ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтөбеде күндіз найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік-батысқа солтүстік-батыстан ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, қатты жел тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстік тен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Орал қаласында түнде найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен күндіз соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды.
Өскеменде күндіз қатты ыстық болады: +36 С. Өрт қаупі жоғары.
Күндіз Қостанай облысының шығысында, батысында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында найзағай ойнаса, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады, қатты жел соғады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан күндіз соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында аракідік найзағай ойнайдыдеп болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық болады: +36 С. Алматыда күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.