Циклон салдарынан елімізде күн салқындап, жаңбыр жауады

Автор: Azattyq Rýhy

Температура төмендейді

Фото: istockphoto.com

Синоптиктер 29, 30 маусым және 1 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосферадағы синоптикалық жағдайды ылғалдың үлкен қоры бар оңтүстік циклон айқындайды. Болжам бойынша, найзағай соғып, жаңбыр жауады. Елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Бұршақ, дауыл және желдің күшеюі де күтілуде.

«Қазақстанның солтүстігінде және орталығында жылудың біртіндеп +18-ге дейін төмендеуі болжанады, шығыста +20 дейін, Оңтүстікте +23, оңтүстік-шығыста +16 дейін төмендеді, ал елдің батысы мен солтүстік-батысында күрт өзгерістер күтілмейді», - делінген хабарламада.