Алматы әуежайының аумағындағы тәртіп бақылауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Қалаға келген азаматтардың мазасын алған такси жүргізушілері жазаланады

Фото: Ақорда

Алматы халықаралық әуежайында тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке такси жүргізушілерінің қалаға келген азаматтардың мазасын алу дерегінің жолын кесу үшін күн сайын учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері кезекшілікке кіріседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алматы қалалық халықаралық әуежайы – қаланың көрікті жерінің бірі. Сондықтан оның аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында алдын алу шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері аталған салада ҚР ӘҚбК-нің 449-бабының нормаларын бұзу бойынша 124 дерек, сондай-ақ ҚР ӘҚбК-нің 163-бабы бойынша 13 дерек анықталды. Сонымен қатар жол қозғалысы ережесін бұзған мыңнан астам азамат жауапкершілікке тартылды», – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Бақыт Мырзағали.

Сондай-ақ оның айтуынша, жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізушілермен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басты мақсат – олардың тарапынан азаматтар мен шетелдіктерге қатысты заңсыз әрекеттердің алдын алу.