26.06.2024, 11:29
Жаңалықтар
Шілдеде 10 облысқа құрғақшылық қаупі төніп тұр
Қазгидромет болжамын жариялады
Фото: freepik.com
Шілдеде құрғақшылық қаупі төніп тұр. Қазгидромет алдын ала болжамды жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Атмосфералық құрғақшылықтың басталу қаупі төнген облыстардың ауданы ұлғайып жатыр», - деп атап өтті синоптиктер.
Болжам бойынша атмосфералық құрғақшылық мына облыстарына қауіп төнеді деген болжам бар:
- Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
- Әйтеке би ауданында, Ақтөбе облысының Байғанин, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандарында;
- Қарағанды облысының Шет ауданында;
- Ұлытау облысының Ұлытау және Жаңаарқа аудандарында;
- Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында;
- Жамбыл облысының Мойынқұм, Жуалы және Т.Рысқұлов аудандарында;
- Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Отырар және Бәйдібек аудандарында;
- Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында;
- Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау және Қарақиян аудандарында;
- Атырау облысының басым аумағында.
Синоптиктер шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында, Ақмола облысының Сандықтау, Бурабай, Астрахан аудандарында және Степногроск қаласында орташа ылғалдылық болады деп болжайды.
«Елдің қалған бөлігінде осы айда ылғалдылық нормаға жақын болады деп болжанып отыр. Алдын ала болжам қажет болған жағдайда жаңартылады», - деп қосты Қазгидромет РМК.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды