Елімізде 14 мыңға жуық шетелдік азамат нәпақа тауып жүр
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 937 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:
Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 5 512 және 602 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 790 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 884 адам тартылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 789 жұмыс беруші бар. Оларда 443,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл қызметкерлердің жалпы санының 99,2%-ы.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер:
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 22 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.