Дәрігерлер олардың жағдайын аса ауыр деп бағалады
Алматыда коронавирустан емделіп жатқан екі адамның өз бетінше тыныс алуы қиындаған соң дәрігерлер оларды өкпені жасанды желдету аппаратына қосқан. Науқастардың бірі – медқызметкер.
Сондай-ақ дәрігерлер тағы 29 адамның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
«Кеше жаңадан вирус жұқтырған 5 адам анықталды. Олардың төртеуі вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған карантиндегі адамдар. Ал, бесіншісі кеше Атырау – Алматы рейсімен ұшып келген 1988 жылғы әйел. Экипаждың барлық мүшесі карантинге жатқызылды», - деп хабарлады Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін қайтыс болған 97 жастағы әйел коронавирус инвекциясынан қайтыс болғандардың қатарынан алынып тасталды. Одан COVID-19 табылса да, өлімнің негізгі себебі ми қан айналымының бұзылуы деп есептелді.
Ал, осыдан екі күн бұрын ашылған модульді аурухана COVID-19 вирусымен ауырғандарды қабылдап жатыр. Мұнда 43 науқас жатыр.