Елімізде шаштараз қызметі бір жылда 2,5 есе қымбаттаған

Azattyq Rýhy

Республика бойынша ерлердің шаш қиюының орташа бағасы - 3 645 теңге

Елімізде шаштараз қызметі бір жылда 2,5 есе қымбаттаған
Фото: astanatv.kz

Елімізде шаштараз ақысы бір жылда 2,5 есе өскен. Бірақ, оған ешкім қарап жатқан жоқ. Биылдың өзінде 19 млрд теңгеге қызмет көрсетілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

Медет Құдіретұлы 5 жылдан бері шаш қиып, напақасын тауып жүр. Айтуынша келушілердің қатары тым көп. Дені -жастар. Тіпті, бір апта бұрын жазылып қоятындар бар көрінеді.

 «Көбінесе жастар модельный дейді, цезарь дейді, нөлден переход дейді сондай үлгілер. Күніне жалпы 15-10 адам арасында аламыз. Бір адамның шашына 1 сағат 40 минут уақыт бөлінеді. Жалпы біз шаш алып қана қоймай, беттеріне маскасын жасап береміз», - дейді барбер Медет Құдіретұлы.

Қызмет ақысы әр өңірде әртүрлі. Республика бойынша ерлердің шаш қиюының орташа бағасы -3 645 теңге. Көш басында Алматы тұр. Содан кейін Астана, Шымкент. Ал, ең арзан баға Оралда. Бағадан бұрын адамдардағы талғам да түр-түрлі. Мәселен біреу апта сайын шаш қияды, біреуге қымбат қызмет ұнайды. Енді бірі ақша үнемдеп айына бір барады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.