Жол жөндеу: Астананың кей көшесінде автобус жолағымен өткен көліктер жазаланбайды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы ІІМ хабарлады

Фото: Астана әкімдігі

Қаланың магистральдық көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, жолдың жүру бөлігіне асфальт төселіп, жол белгілері қойылып жатқанға байланысты автокөліктердің қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Осыған байланысты, көлік жүктемесін төмендету мақсатында 19 маусым мен 1 шілде аралығында Ш.Бейсекова, Ш. Айтматов көшелерінің барлық бойында Ш. Қосшығұлұлы көшесінен Ж. Молдағалиев көшесіне дейін «Сергек» камераларымен автобус жолақтары бойынша қозғалысты тіркеу уақытша тоқтатылды», - делінген ақпаратта.