Шетелде оқитын 145 студент Қазақстанға оралды
Олар Солтүстік Қазақстан облысының ауруханаларына карантинге жатқызылады
Солтүстік Қазақстан облысына Ресейдің Түмен қаласынан 145 студент келді, деп хабарлады облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша, шекарада 77 студент тексерілген (оның 54-і Солтүстік Қазақстан облысынан, 15-і Қарағанды облысынан, 5-і Түркістаннан, 2-і Алматы облысынан және 1-і Шымкент қаласынан).
«Студенттердің барлығы Петропавл қаласы мен облыс аудандарындағы карантиндік ауруханаларға орналастырылды. 25 сәуірдегі жағдай бойынша азаматтардан алынған COVID-19 зертханалық сынамасының нәтижелері теріс болып шықты. Қазіргі уақытта олардың қатарындағы кейбір азаматтар үй карантинінде жатыр», – делінген баспасөз хабарламасында.
Солтүстік Қазақстан облысының шекаралас аймақтарында тұратын қалған 68 студент тұрғылықты жеріне жіберіледі және міндетті түрде тексеріліп, үй карантинінде болады.