Оқиға 22 маусым күні болды
ҚР ТЖМ Ақтоғай ауданындағы Бектау-Ата шатқалындағы жартастан қаза тапқан әйел туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, 1970 жылы туған екі әйел 22 маусымда Бектау-Ата шатқалындағы жартасты шыңды бағындыруға аттанған.
«Көтерілу сәтті өтті, бірақ түсу қайғылы жағдайға айналды. Әйелдердің бірі жартастан құлап, қайтыс болды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін өз бетінше таудан түсе алмаған әйел адамға қатысты ақпарат жарияланған.