23.06.2024, 04:00
Жаңалықтар
Алматыда екі мыңға жуық адамды кене шақты
Барлығына шұғыл медициналық көмек көрсетілді
Фото: depositphotos.com
Алматыда 1927 адамды кене шақты. Оның 911-і бала. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, кене белсенділігі маусымы басталғаннан бері 2024 жылдың 20 маусымдағы жағдай бойынша кене шаққан 1927 адам медициналық ұйымдарға жүгінді.
Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 47,2 пайыз (911).
Барлығына шұғыл медициналық көмек көрсетілді, көрсеткіш бойынша кенеге қарсы иммуноглобулин енгізілді.
«Осы жылы ересектер арасында кене энцефалитінің 1 жағдайы тіркелді», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды