Алматыдан 200 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ

Фото: istockphoto.com

ҚР ТЖМ Сейсмикалық станциялар желісі 22 маусымда Қытай аумағындағы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 22:10-да болған.

«Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 185 шақырымда орналасқан», - делінген хабарламада.

Осы орайда сейсмологтар Қазақстан аумағында табиғи апаттың сезілмегенін алға тартты.