Қарағанды облысында Дөскей аулының жанында ірі өрт тұтанды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің жалпы ауданы 1000 шаршы метрді құрады

Фото: istockphoto.com

ТЖМ қызметкерлері Қарағанды облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында тұтанған өртті сөндіріп жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, өрт Бухар Жырау ауданының Дөскей аулынан 4 км қашықтықта тіркелді.

Өрт алдын ала 1000 шаршы метр аланда оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Елді мекендерге қауіп жоқ.