Абай облысында ірі қойма қызыл жалынға оранды

Автор: Azattyq Rýhy

Қойманың жалпы ауданы 4500 шаршы метрді құрайды

Фото: ҚР ТЖМ

Семей қаласында шамамен 1000 шаршы метр алаңда қойма өртеніп кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, қойманың жалпы ауданы 4500 шаршы метрді құрайды.

«Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жергілікті жерде ТЖМ күштері мен құралдары жұмыс істеді. Қазір өрт толықтай сөндірілді», - делінген хабарламада.