Ауа райы болжамы: бүгін кей аймақта күн бұлттанса, өзге өңірде аптап ыстық күтіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Қызылорда облысында ауа температурасы 40 градусқа дейін барады

Фото: istockphoto.com

Бүгін күндіз Абай, Жетісу, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының батысында, орталығында қатты ыстық сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Ақтөбе, Алматы облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, Павлодар облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады», - делінген хабарламада.

Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.