ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Ұйым елдерінің қауіпсіздігі туралы пікір алмасты
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары халықаралық және өңірлік жағдай, сондай-ақ оның Ұйым елдерінің қауіпсіздігіне әсері туралы пікір алмасты.
«ҚР СІМ басшысы өз сөзінде отырысқа қатысушыларды ҰҚШҰ форматындағы ынтымақтастық мәселелеріндегі Қазақстанның ұстанымы мен көзқарастары, бірінші жартыжылдықтағы Ұйымға Қазақстан төрағалығының басымдықтарын іске асыру барысы туралы хабардар етті, сондай-ақ одан әрі жан-жақты дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстар айтты», - делінген хабарламада.