Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады
Қазақстандық Elem Group компаниясына санкция салынды. Жапон үкіметі бұл санкциялар Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы санкциялардың кезекті пакетінің бір бөлігі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жапонияның санкциялар тізіміне қосымша 42 ресейлік компания мен 11 жеке тұлға енгізілді.
Сонымен қатар, Үндістан, Қытай және БАӘ-ден 11 шетелдік компанияға қарсы санкциялар енгізілді.
Өткен жылдың желтоқсан айында қазақстандық Elem Group компаниясына АҚШ Сауда министрлігі де шектеулер енгізген. Сол кезде Ұлттық экономика министрлігі Elem Group телекоммуникация құралдарының көтерме саудасымен айналысатынын түсіндірген.