Өсім есебінен 180 мыңнан астам студенттің табысы артады
Осы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап шәкіртақы өседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің хабарлауынша, 2021-2025 жылдарға арналған жол картасына сәйкес, стипендия екі есеге өседі.
Бұл ретте есептеулер кезінде базалық стипендия үшін 2020 жылғы шәкіртақылардың мөлшері есепке алынады. Мысалы, бакалаврларда бұл сома 26 186 теңгені құраған, демек осы сома жыл сайын 20 пайызға артады.
«Осыған ұқсас есептеу тетігі Денсаулық сақтау министрлігі мен Назарбаев Университетінің стипендияларын қоспағанда, магистратурада да, докторантурада да қолданылды», – деп нақтылады комитет.
Белгілі болғаны:
Комитет атап өткендей, осы жылдың бюджетінде стипендияларды ұлғайтуға қаражат толық көлемде жоспарланған. Өсім есебінен 180 мыңнан астам студенттің табысы артады.