«Семей» футзалдан тұңыш рет Қазақстан чемпионы атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Команда пенальти сериясында жеңіске жетті

Футзалдан Қазақстан чемпионатының төртінші финалындық ойынында «Семей» «Қайраттан» басым түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Матчтың негізгі уақыты 4:4 есебімен аяқталып, «Семей» пенальти сериясында жеңіске жетті.

Осылайша, финалдық серияда семейлік команда 3:1 есебімен жеңді.

Финалдағы көрсеткіш:

«Семей» - «Қайрат» 3:3, қосымша уақыт 1:1, пенальти 4:3.

Сериядағы есеп: 3:1