17.06.2024, 00:30
Жаңалықтар
Асу Алмабаев тағы бір қарсыласын тізе бүктірді
Қазақстандық палуан жеңіл салмақтағы Жаңа Зеландия өкілі Кай Кара-Францияны шайқасқа шақырды
Фото: Instagram/asu_zulfikar57
16 маусым күні қазақстандық файтер Асу Алмабаев (19-2) UFC аясындағы үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC on ESPN 58 турниріндегі «Зүлфиқардың» қарсыласы жеңіл салмақ дәрежесіндегі америкалық Хосе Джонсон (16-8) болды.
Қазақстандық спортшы үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңді.
Жеңіске жеткеннен кейін Алмабаев 4-ші жеңіл салмақтағы Жаңа Зеландия өкілі Кай Кара-Францияны (24-11) шайқасқа шақырды.
Промоушндағы алдыңғы екі жекпе-жекте Алмабаев Ауди Осборнды (12-7) мерзімінен бұрын, Си Джей Вергараны (12-5-1) төрешілер шешімімен жеңген.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады