Астанада үлкен көшенің бір бөлігі жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Даңғыл 16 маусым мен 1 шілде аралығында жабық болады

Фото: istockphoto.com

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы бойынша Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жөндеу жұмысына байланысты 16 маусым мен 1 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылатын болады.

Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.