Газ баллондарының дұрыс жұмыс істемеуі жазатайым оқиғалардың себебі болып саналады
Орал қаласында мал союға арналған орында газ баллоны жарылды. Оқиға жергілікті базарлардың бірінде болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Нақтыланған ақпарат бойынша, газ баллонының жарылуы салдарынан 10 адам, оның ішінде екі жасөспірім зардап шекті. Дәрігерлердің қарауынан кейін екі азамат үйлеріне жіберілді. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында.
«Газ баллондарының дұрыс жұмыс істемеуі жазатайым оқиғалардың себебі болып саналады. Сақ болыңыздар!» - делінген хабарламада.