Алакөлге үш жас жігіт батып кете жаздады

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарушылар дер кезінде көмекке келді

Фото: ҚР ТЖМ

Алакөл көлін патрульдеу кезінде үш адам құтқарылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ қызметкерлері су көлігін басқара алмай аударылып, суға құлаған 1999, 2009 және 2014 жылдары туған жас жігіттерді жағаға шығарды.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес.