Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр
Елордалық құтқарушылар мектепте шыққан өртті сөндірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада Есіл ауданының жаңадан салынып жатқан мектептерінің бірінде қаптама өртенді.
«Шақыру түскен сәттен бастап 20 минут ішінде өрт 40 шаршы метр алаңда толықтай жойылды.
Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр», – делінген хабарламада.