Басқарма қызметкерлері жоспардан тыс тексеріс ашып, кәсіпкерлік нысанға барды
Павлодарда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына Назарбаев көшесі бойында тұрған «Тандырный дворик» дүңгіршегіндегі нан-тоқаш өнімдерінің үстінен егеуқұйрық жүгіріп жүргені туралы шағым түсті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Басқарма қызметкерлері жоспардан тыс тексеріс ашып, кәсіпкерлік нысанға барды.
«Тамақ өнімдерін сақтау және өткізу кезінде санитарлық нормалардың бұзылуы анықталды», – деді басқармада.
Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне және 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес жеке кәсіпкерге қатысты шаралар қабылданды. Ол 250 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеп, бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау керек.
Басылым мәліметінше, самсаның үстінен егеуқұйрық жүгіріп жүрген видео таралған болатын.