Ақтөбеде көлігін сатуға кеткен әйел адам өлі күйінде табылды
Күдікті қолға түсті
Ақтөбеде көлігін сатуға кеткен 55 жастағы әйел адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
Әйел адамның көлігін сату үшін автокөлік базарына барғаны анықталды. Ал одан кейін оны ешкім көрмеген. Туыстарының мәлімдемесінен кейін полиция іздеуді бастады. Ақтөбеде ондаған ерікті көмекке ұмтылып, әлеуметтік желіде әйел адамның суретін жариялады.
Полицияның жедел әрекетінің арқасында жоғалған әйелдің көлігі жергілікті гараждардың бірінен табылды. Көп ұзамай, ер адам ұсталды. Артынша, полиция оның денесін қала маңынан тапты. Оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері болды.
«Кісі өлтіру, қарақшылық баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті ұсталды. Іс бойынша сараптамалар тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу полиция департаменті бастығының бақылауында», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.