Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Бүгін, 14 маусымда Қызылорда қаласындағы бильярд клубтарының бірінде 4 шаршы метр алаң өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылардың шебер және жедел әрекеттерінің арқасында шақыру сәтінен бастап 27 минут ішінде өрт толығымен сөндірілді.
«Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы», - делінген хабарламада.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады.