Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Бірқатар өңірде найзағай ойнап, жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК 15 маусымда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батысқа оңтүстік-шығыстан ойыса соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық болады: +38, +42 С°. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, теңіз жағалауында да жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда өрт қаупі жоғары.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Аптап ыстық сақталады: +35, +39 С°. Ақтөбеде күндіз қатты ыстық болады: +35, +37 С°.
Күндіз Атырау облысында да аптап ыстық болады: +35, +39 С°. Атырауда күндіз күн қатты ыстық: +37...+39 С°. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз қатты ыстық болады: +37 С°дейін. Қостанайда күндіз сынап бағаны 35 С градус ыстықты көрсетеді деп күтіледі.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп болжанады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың орталығында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады, өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз найзағай болады.
Қызылорда облысының солтүстік-батысында, шығысында өрт қаупі жоғары, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Өскеменде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-18 м/с.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың орталығында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Семейде найзағай болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан найзағай кезіндегі екпіні - 15-18 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 18-23 м/с. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз аптап ыстық болады: +35...+38 С°. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында күндіз найзағай болады деп күтіледі. Күндіз қатты ыстық болады: +35...+37 С°. Өрт қаупі жоғары.
Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде өрт қаупі жоғары, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел тұрады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары. Көкшетауда таңертең және түстен кейін найзағай болады. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан таңертең және түстен кейін соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15 м/с құрайды.
Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда өрт қаупі жоғары.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Солтүстіктен соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады.