1 маусымнан бастап жаңа терминал жұмыс істейді
Алматы халықаралық әуежайы 2024 жылғы 13 маусымда сағат 23.13-тен бастап барлық халықаралық рейс жаңа терминалға (Т2) ұшып келетінін хабарлады. 2024 жылғы 14 маусымда сағат 01.00-ден бастап барлық халықаралық ұшып кету рейсі де Алматы әуежайының жаңа терминалына көшірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2024 жылдың 1 маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін жаңа терминалдан 310 халықаралық рейс орындалып, 43 814 жолаушыға қызмет көрсетілген.
«Қазіргі таңда жаңа терминал 33 әуе компаниясына қызмет көрсетеді. Оның ішінде үш қазақстандық тасымалдаушы – Air Astana, Scat, FlyArystan және 30 халықаралық әуе компаниялары, атап айтқанда, Uzbekistan Airways, Azerbaijan Airlines, Pegasus Airlines, Somon Air, Wizz Air, Vietjet, Red Wings, IndiGo, Loong Air, Rossiya, Jazeera Airways, Salam Air, Air Arabia, Red Sea Airlines, Air Cairo, Hunnu Air, Azimuth Aero, Yakutia Airlines, Qeshm Air, Air Asia, S7 airlines, FlyNas, Neos Airlines, China Southern Airlines, Qatar Airways, Lufthansa, Flydubai, Turkish Airlines, Asiana Airlines, Aeroflot. Ескі терминалда (Т1) Air Astana, Scat, FlyArystan, Qazaq air және Оңтүстік Аспаны әуе компанияларының барлық ішкі бағыты бойынша рейстер орындалады», - делінген хабарламада.
Алматы әуежайының жолаушылары мен қонақтарының жайлылығын қамтамасыз ету үшін Т1 терминалын жаңарту және автотұрақ алаңын көбейту бойынша жөндеу-құрылыс жұмыстары басталды.