Ертіс өзеніне батып кеткен жігіттің мәйіті үш күннен кейін табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Суға кеткен жігіттің денесін туыстары тапты

Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында суға батып кеткен жігіттің мәйіті табылды. Оны іздеу жұмыстары үш күнге созылған еді. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖД мәліметінше, 13 маусымда сағат 12:50-де оқиға орнынан 12 шақырым жерде 1999 жылы туған суға кеткен жігіттің денесін туыстары тапты. 

ТЖД құтқарушылары оның денесін судан шығаруға көмектесті.

Еске сала кетейік, 10 маусымда сағат 14:30-да Ертіс өзенінде шомылу кезінде 1999 жылы туған жігіт суға батып кеткені туралы хабарлама түскен болатын. Ол шомылуға жабдықталмаған жерде суға түскен еді.