Жер сілкінісі Алматыда 1,6 балл, Талғарда 1,4 балл болып сезілген
Алматыда 1,6 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ «СБЗҰҒҰ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 13 маусым Алматы уақытымен 22:25-те жер сілкінісі тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Қырғызстанмен шекарада Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісі Алматыда 1,6 балл, Талғарда 1,4 балл болып сезілген.
Қираған ғимараттар жоқ.